Маусымның екінші аптасы өте маңызды, әсіресе жаз мезгілінде. Жол жүру ережелерін білу және сақтау балалардың қауіпсіз өмір сүруі үшін қажет. апта бойы балалар осы саладағы өз білімдерін қайталау, бекіту мүмкіндігіне ие болды.
Педагогтармен практикалық жағдайлар жасалды, онда балалар өз білімдерін шешім табу үшін қолдана алды, жол жүру ережелері мен жүріс-тұрыс ережелері туралы өз білімдерін қолданды. Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.
Себебі қазіргі заман балаларының берілген ақпаратты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоғары дамығандығын байқауға болады. Осыған орай «Күншуақ» екінші сәбилер тобында.
Тақырыбы: «Абайлаңыз жаяу жүргінші апталыңығына» арналған іс-шара өтілді.
Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін таныстыру, есте сақтауға үйрету,жол қауіпсіздігін ,өз өмірлерін сақтауға тәрбиелеу.Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру,жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Атпалық жоспар бойынша «Жол жүру ережелерін біл," әңгімелесу»
« Жолдағы ойыншықтар»
«Жазды көңілді қарсы ал, қозғалыс ережесін нақты орында дене шынықтыру сабағы.
Көркем оқу. Жол туралы әдебиеттер,жол белгілері.
«Жолақ", «Бағдаршам" атты әңгімелесе отырып жаспыру, мүсіндей, бағдаршамның көздерінің атқаратын қызметтері туралы балалармен сұрақ-жауап арқылы түсіндіріліп, әңгімелесу арқылы қол маторикасын дамыта отырып, сөйлеуге деген балалардың ынтасына қызығушылық тудырта отырып қызықты ақпараттар алды.
Сюжеттік рөлдік ойындар, «Назар аударыңыз жол», «Жаяу жүргіншінің ережелері" және т. б. Дидактикалық ойындар.
Жылжымалы ойын «Торғаймен көліктер»
"Түрлі-түсті автомобильдер".
«Сиқырлы белгі» атты асфальтта сурет салу сайысы»
Қорытынды іс-шаралар бойынша өтілді.
Екінші сәбилер тобының тәрбиешілер: Мұратхан Г.
Ерболат Ж.
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан төлдей
Жамырасып өріскен
Шалдар баға беріскен.
Қазахстан жеріне көктем мерекесі-Наурыз келді. Бұл қазақ халқының көне мерекелерінің бірі.Көптеген жылдар бойы қуана-қуана оны қарсы алады үлкені де,кішісі де. Бұл әдемі мереке, жарқын ұлттық костюмдер, көңілді әуен, ұлттық ойындар мен салт-әрине, бай дастарқан, мұнда негізгі құрайтын бұл салтанат.
Мереке қарсаңында біздің балабақшада мерекелік іс-шаралар осы оқиғаға арналған өтті. Қызықты сценарийлер, қызықты сюжетпен құралған.Балаларға қонаққа Қыдырата, хан,тентек Жел, әрине, ару Көктем келіп қуантты.
Балалар мәнерлеп және эмоционалды өлеңдер оқып, ұлттық мәдениет білімдерін шыңдады, жұмбақ шешіп,қазақс халқының салт-дәстүрлерін айтты. "Беташар"салт дәстүрі көрсетілді.Қонаққа ардақты ата әжелер,аталар келді. Балалар өздерінің шапшаңдығын, ептілігін ұлттық ойындарда байқатты. Музыкалық аспаптарда ойналды,домбырада беташар жыры бүлдіршіндермен айтылды. Қазақтың билері мен әндері, ата-аналарға, қонақтарға көп қуаныш әкелді.
Әкімшілікке ,педагогикалық ұжымға ұйымдастырған ,
ата аналар атынан көп алғыс сөз айтылды.