"Ақмола облысы білім басқармасының  Есіл ауданы бойынша білім  бөлімінің жанындағы   Есіл қаласының  №3 «Балбөбек» бөбекжайы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад № 3  «Балбөбек»  города Есиль при отделе образования по  Есильского району управления образования Акмолинской области 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Табиғат апталығының қорытындысы

01.08.2022

Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.

«Ғажайып апталығы бірінші күні  25.07.2022 жылы :Ғажайып тәжірибелер серуенде далада ауада дастархан жайып отырдық табиғатты бақылап  !

Екінші күні сейсенбіде 26.07.2022жыл: Біз «Құм , су ,желмен тәжірибе жасадық .

Аптасының үшінші күні 27.07.2022жылы: Танымдық ойын : Табиғатта жаман ауа райы жоқ»ойыны далада өтті

Төртінші күні 28.07.2022жылы: Әңгімелесу «Өсімдіктер»туралы суреттер қарастырып әңгімелестік .

Аптаның сонғы күні жұма 29.07.2022жылы    «Ағаштардың түрі» атты «Ғажайып ойын»балаларға ұнап ,әңгімелесіп естеріне  түсіріп осы аптада не істегімізді сұрақтар қойып ұйымдастырылған  оқу іс -әрекетті .

 «Өсімдіктердің  мазмұны туралы» «Біздің өлкеміздің жануарлары» әңгімелесулер өтті.  Табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ. Үйің мен бау-бақшаңа қарай қарағаның сынды тұтас табиғатқа да сондай жанашырлықпен қараған жөн.

Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін берері де жоқ. Ал берері жоқ табиғатта адам қалай тіршілік кешпек. Судың да сұрауы бар емес пе?!

Қоршаған ортасы лас, суы лаң, ағашы улы табиғаттың адамға да зияны көп екені айтпаса да белгілі. Сондықтан табиғатты аялау, оған қамқорлық таныту жер бетіне келген кез келген жұмырбасты пенденің парызы мен борышы болуы керек. Халқымыз топыраққа шыққан жасыл шөптің өзін жұлуға тыйым салған. Өйткені шөп – таудың көркі, малдың жемі. Оны жұлу  өзіңнің тамырыңа балта шабумен бірдей.

Табиғатты сүю мен аялауды қазірден бастағанымыз жөн.  

Бұлақтың сылдыры мен таудың жаңғырығын, қамыстың сыбдыры мен қайыңның күбірін естіген жан еріксіз тебіренеді. Тыныштық табады. Асқар тауға шығып та, сар жазыққа көз жүгіртіп те тыныштық табасыз. Табиғатты аялаған сайын адамның да жаны аяулы болады. Жаны таза, ниеті кіршіксіз жаратылысқа айналады.

Демек, жанға шипа, көңілге медеу табар ортамызды неге сақтауға, аялауға тырыспасқа?!


 

                                                          «Күншуақ»тобы

 

Просмотров: 197


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Наурыз мейрамына арналған ертеңгіліктер

Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан төлдей
Жамырасып өріскен
Шалдар баға беріскен.

Қазахстан жеріне көктем мерекесі-Наурыз келді. Бұл қазақ халқының көне мерекелерінің бірі.Көптеген жылдар бойы қуана-қуана оны қарсы алады  үлкені де,кішісі де.  Бұл әдемі мереке, жарқын ұлттық костюмдер, көңілді әуен, ұлттық ойындар мен салт-әрине, бай дастарқан, мұнда негізгі құрайтын бұл салтанат.

Мереке қарсаңында біздің балабақшада мерекелік іс-шаралар  осы оқиғаға арналған өтті. Қызықты сценарийлер, қызықты сюжетпен құралған.Балаларға қонаққа Қыдырата, хан,тентек Жел, әрине, ару Көктем келіп қуантты.

Балалар мәнерлеп және эмоционалды өлеңдер оқып, ұлттық мәдениет білімдерін шыңдады, жұмбақ шешіп,қазақс халқының салт-дәстүрлерін айтты.  "Беташар"салт дәстүрі көрсетілді.Қонаққа ардақты ата әжелер,аталар  келді. Балалар өздерінің шапшаңдығын, ептілігін ұлттық ойындарда байқатты. Музыкалық аспаптарда ойналды,домбырада беташар жыры бүлдіршіндермен айтылды. Қазақтың билері мен әндері, ата-аналарға, қонақтарға көп қуаныш әкелді.

Әкімшілікке ,педагогикалық ұжымға ұйымдастырған ,

ата аналар атынан көп  алғыс сөз айтылды.

Текст